Қостанай облысында полиция талабына бағынбай, қашып құтылмақ болған жүргізуші апатқа ұшырап, қайтыс болды. Ол жол жиегіндегі діңгекке соғылған. Оқиға Лисаковск қаласында болды. Көлікте ағайынды екі жігіт болған. Екінші жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция мәліметінше, көлік қауіпті маневр жасап, жаяу жүргіншіге жол бермеген. Сондықтан тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Қаза болған жүргізуші бұрын да, мас күйінде көлік айдағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Жол апаты бойынша, соталды тергеу басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.