Солтүстік Қазақстан облысында мектеп асханалары жаппай тексеріліп жатыр. Ведомствоаралық комиссия жұмысын бастады. Сонымен қатар әр білім ұясында ата-налардың қатысуымен бракераждық комиссия құрылып жатыр. Өткен аптада Петропавлдағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында балалар шикі тамақ жеп, астан бірнеше мәрте құрт шыққанын айтқан болатынбыз. Ата-аналар тамақ дайындалатын бөлмеде санитарлық талаптың сақталмайтынын айтып шағымданған. Балалар арасында улану дерегі де болған. Мектеп басшылығы тарапынан тиісті бақылау болмағандықтан, директор қызметінен босатылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.