Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Кездесуде Президентке мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызмет сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары баяндалды. Мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынас, азаматтық қоғам, отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар да айтылды. Мемлекет басшысы осы бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма жүктеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.