Дубайдағы әлем чемпионатында 13 қазақстандық боксшы сынға түседі

Бүгін бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты басталды. Дубайдағы дүбірлі додаға әлемнің 95 елінен былғары қолғап шебері барған. Ел атынан 13 салмақ дәрежесі бойынша 13 спортшы сынға түседі. Арасында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов сынды тәжірибелі боксшылар бар. Жарыстың жүлде қоры өте қомақты. Яғни чемпиондарға – 300 мың доллар, күміске – 150 мың, қола жүлдегерге 75 мың доллар көлемінде қаржылай сыйақы беріледі. Ал ширек финалистер 10 мың доллар көлемінде ақша алады.
———————————————