Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӘКЕГЕ ЖАЗА
Әйелін өлтірді деп айыпталған ер адамға Қарағанды соты 18 жыл үкім кесті. Алайда балалары әкені өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды.
АЖАЛ ҚҰШТЫ
Қостанай облысында полициядан қашқан жүргізуші діңгекке соғылып, қайтыс болды. Көлікте отырған екінші жолушы жансақтау бөлімінде жатыр. Халі мүшкіл.
ЖӘНДІКТІҢ КЕСІРІ
Абай атындағы мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды. Өткен аптада Петропавлдағы мектеп асханасынан шу шыққан еді. Балалар жейтін тамақ ішінен жәндік табылған болатын. Қазір қаладағы барлық білім ошағы тексеріліп жатыр.
ХАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Мың түрлі шағым. Мәжіліс депутаттары ауыл-аймақты аралау кезінде азаматтар тарапынан айтылған арыз-шағымды қарай бастады. Бүгін мәселе Парламент қабырғасында талқыланды.
АҚША САЯСАТЫ
АҚШ доллары арзандап, теңге нығая бастады. Бұған Ұлттық Банктің қосқан үлесі бар ма? Қаржы нарығындағы құбылыс қаншалықты ұзаққа созылады? Сарапшы пікірін ұсынамыз.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.