Елімізде 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін. Осыған байланысты балаларды онлайн-платформаларға тіркеуге шектеу қоятын заң жобасы әзірленді. Жобаға сай, 16 жасқа толмағандарға видеохостингте, әлеуметтік желілерде және контент платформаларында аккаунт ашуға болмайды, тек мессенджерлерге рұқсат беріледі. Бұл бастаманың мақсаты – балаларды интернеттегі зиянды және заңсыз контенттен қорғау. Көптеген ата-ана мұндай өзгерісті қолдайтындарын айтып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.