Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған колледж студент қызға жасалған қатыгез шабуыл туралы ақпарат тарады. Бұл оқиға жайлы жәбірленуші қыздың әпкесі хабарлаған. Оның айтуынша, үш студент қыз жасөспірімді оқу орынның әжетханасында соққыға жыққан. Соның салдарынан оқушы қыздың миы шайқалып, беті жарақаттанған. Тіпті оң көзі нашар көре бастаған. Қазір ол Алматыдағы №1 балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірнеше рет нашарлап, есінен танып қалған кездері болған. Туыстарының айтуынша, колледж әкімшілігі ата-аналарды дер кезінде хабардар етудің орнына, болған жағдайды жасыруға тырысқан. Алматы полициясы бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.