Шымкентте үй жинауға келген әйелді өлтірген жасөспірім 7 жыл 6 айға сотталды

Шымкентте үй жинауға келген әйелді өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған жасөспірімге сот үкім кесті. Бірнеше күн қоқыста жатқан мәйітті көшедегі қызметкерлер тауып алған. Он тәулік бойы іздестірілген әйелдің денесі бірнеше жерінен пышақталған. 26 жастағы келіншек қосымша табыс табу үшін біреудің үйін тазалауға барыпты. Бүгін сот марқұмды пышақтаған 17 жастағы жасөспірімді 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен кінәлі деп танылды. Ал «Мәйітті қорлау» бабы бойынша, сот күдіктіні ақтады. Алайда марқұмның жақындары бұл шешіммен келіспей отыр. Сонымен қатар сотталушы екі ай мерзім ішінде марқұмның өкіліне 2 млн, ал отбасына 6 млн теңге моралдық шығын өтейді.
БАҚЫТ ТУНАЛИЕВ, СУДЬЯ:
-Онша қатаң емес жазаны, неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 314 бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық бойынша кінәсіз деп тауып, оның бұл құқықбұзушылықты жасағаны дәлелденбегендіктен ақталды.

АЙДАНА ОҢҒАРБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
— Аауыр қылмысқа 7 жыл– өте жеңіл жаза. Мәйітті қорлауды алып тастап отыр, пакетке салып қоқысқа тастағаны да мәйітті қорлауға жатады.

———————————————