Қарағанды облысында өртеніп кеткен инкассатор көлігіндегі жүргізуші қазасы үшін қылмыстық іс қозғалды. Ал тиелген ақша толығымен күлге айналған. Полиция мәліметіне сәйкес, Тайота камри көлігін тізгіндеген жүргізуші рульге ие бола алмаған. Ішімдік ішкені анықталды. Көлік жүргізетін құқығынан бір жыл бұрын айырылғаны белгілі болды. Инкассатор көлігінің ішінде шамамен 3 млн теңгеден астам қағаз ақша болған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.