Қарағанды облыстық сотында 10 жыл бойы мүгедекті қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге қатысты үкім өзгертілді. Алғашқы шешім бойынша ұйымдастырушы 17 жылға, қалған үш адам 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Апелляциялық алқа үкімді жеңілдетіп, ұйымдастырушыға 11 жыл, өзгелеріне 6 жыл берді. Сот ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактісін растамады және жәбірленушінің кішкентай қызын шантаж ретінде пайдаланған дәлел жоқ екенін айтты. Тергеу барысында мүгедекті мәжбүрлеп қайыр сұратқан адам оның танысы болып шықты, ал түскен ақшаны өзі иемденген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.