Батыс Қазақстан облысында 13 мектептің 22 сыныбындағы 335 оқушы онлайн оқытуға көшірілді. Бұл шешімнің себебі – жұқпалы респираторлық вирустың өршуі. Әр сыныпта вирус жұқтырған бала саны 20-30 пайыздан асқан. Ауа райының қолайсыздығы аурудың асқынуына әсер етіп отыр. Желтоқсан айы басталғанына қарамастан әлі аяз түспеген. Қазіргі таңда өңірде 46 мыңнан астам адам вирусты жұқтырған, олардың жартысынан көбі – 14 жасқа дейінгі бала. Мектепке дейінгі ұйымдарда да осындай жағдай жиі байқалады, кей сыныпта сабақ уақытша тоқтатылды. Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған соң оқушылар мектепке қайта оралады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.