Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БАЛАБАҚШАДАҒЫ БУЛЛИНГ
Сәтбаевта тағы да балабақшадан дау шықты. Бұл жолы үш жасар қыз балаға әлімжеттік жасалған. Тәрбиеші шеттетілгенмен, мәселе шешілді ме?
ЖЕР СІЛКІНДІ
Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды. Дабылқаққыш іске қосылды. Сауда орталықтары мен қоғамдық орындағы тұрғындарды шығара бастады.
ТАҒЫ ДА ТЫЙЫМ
Бүгіннен бастап зейнетақы жинағын офтальмологиялық емдеуге пайдалану тоқтатылды. Енді қазақстандықтар бұл қызметке қаражат ала алмайды.
ҮЙ ҚОРШАУЛЫ ТҰР
Басына көпқабатты үйдің кірпіші құлап, зардап шеккен екі тұрғын биліктен көмек сұрайды. Ал қайғылы оқиға болған үй әлі қоршаулы.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ ШЕКТЕУ
Елімізде 16 жасқа дейін балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынады, тек мессенджерлерге рұқсат берілуі мүмкін.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.