Өмір бойы бас бостандығынан айырылсын. Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 32 жастағы тұрғынға қатысты осындай үкім шығарды.
Естеріңізга сала кетейік, оқиға тамызда Тасқала ауданында болған. Бүлдіршінге балмұздақ алып беруді ұсынған танысына анасы алты жасар қызын сеніп, қалдырып кеткен. Ал ер адам сәбиді ауыл шетіне алып кетіп, өзінің арам ойын жүзеге асырған. Елді дүрліктірген оқиғаға қатысты тергеу аяқталды. Соттың үкімімен кәмелет жасына толмаған бүлдіршінге қарсы айуандық әрекет жасаған тұрғын өз жазасын өмір бойы темір тордың арғы жағында өтейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.