Ақтөбеде ас тұзы қымбаттады

Ақтөбеде ас тұзы қымбаттады. Дүкенде келісі 120 теңгеден сатылып жатыр. Бір апта бұрынғыдан 20 теңгеге қымбат. Оған қоса көрші Ресейден келетін тұз да кешеуілдеп жатыр. Нарықтың 20-30 пайызы осы өнім импортына тәуелді. Жақында Батыс Қазақстан облысында осындай жағдай болды. Ресейлік тұз сауда сөрелерінен жоғалып, оралдықтар тұзды, Актөбеден таси бастаған. Ал шенеуніктер: «Тапшылық жоқ, қоймада қазір 132 тонна ас тұзы сақтаулы тұр», — дейді. Облыс тұрғындары жылына 1 мың 190 тонна тұз тұтынады. Дегенмен әкімдік өкілі логистикада мәселе бар екенін мойындады, сол себепті тұз жеткізуде кідіріс туындаған.

АЛМАС САЛЫҚБАЕВ, КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Бізге Соль-Илецкіден тұз келеді. Жолдың арақашықтығына қарай Илецк Ақтөбе облысына көрші болған соң, тұз келеді. Қазақстанда тұздың уақытша шектелуі логистикалық мәселеге байланысты. Бірақ «тұз болмай қалады» деп әңгіме айтуға ешқандай негіз жоқ. Логистика мәселесі жақын арада шешіліп, Ақтөбе облысына тұз жеткізіледі. Бірақ тағы да қайталап айтайын: Ақтөбе облысында ешқандай тұз жетіспеушілігі жоқ. Барлық қоймада тұз бар.

———————————————