Қазақстанда 46 жалған диплом мен оларды заңсыз әзірлейтін 20 сайт анықталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, алаяқтардан қорғану үшін елдеь1991 жылдан бері берілген барлық дипломның деректер базасы құрылған. Әр құжатта бірегей нөмір мен QR-код болады. Оның түпнұсқалығын eGov арқылы да тексеруге болады.
Айта кетейін, жалған диплом жасауға шамамен 8 миллион теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал оны пайдаланғандар 600 мың теңгедей айыппұл төлейді. Бұл қаншалықты әділ жаза?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.