Алматыда классикалық шахматтан Балалар кубогының финалы басталды

Алматыда классикалық шахматтан Балалар кубогы – 2025 додасының финалы басталды. 5-12 желтоқсан аралығында маусымның алты кезеңінің нәтижесі бойынша іріктелген елдің ең мықты ұл-қыздары нокаут жүйесі бойынша жеңімпазды анықтайды. Финалда 10 және 14 жасқа дейінгі екі жас санаты бойынша 16 шахматшыдан сынға түседі. Әр финалдың жүлде қоры – 1,5 миллион теңге, қаржы плей-оффқа қатысушы барлық ойыншы арасында бөлінеді. Ал жеңімпаздар тек атаққа ие болып қана қоймай, 2026 жылғы әлемдік жасөспірімдер біріншіліктерінде Қазақстанның намысын қорғайды.

———————————————