Жоғары сапалы өнім өндіретін шағын бизнеске барынша жағдай жасалуы қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде осылай деді. Кәсіпкер үшін салық, тариф және реттеу саясатының айқын әрі әділетті болғаны ерекше маңызды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының лауреаттарын марапаттады. Сондай-ақ конкурсқа қатысқан кәсіпкердің барлығына алғыс айтып, ел экономикасының әлеуетін арттыруға қосқан үлесіне жоғары баға берді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
– Мен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Келесі жылдан бастап залда отырған бірқатар кәсіпкер осы мәртебелі орденмен марапатталады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.