Арыста полицей колледждің 1-курс студенттерін соққыға жыққан | 05.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

7 МЕТР БИІКТІКТЕН ҚҰЛАДЫ
Петропавлда өндірістік апат. Интернет-кабель тартқан екі жұмысшы көтергіш құрылғымен қоса құлап, біреуі қаза тапты. Екіншісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП
Талдықорғанда әйелін атқа сүйреп өлтірді деп айыпталған жігітке қатысты тың дерек шықты. Сот отырысы бүгін де жалғасты

ҚАСҚЫР ШАБУЫЛДАДЫ
Абай облысында қасқыр көбейіп, жұртты шырғалаңға салып жатыр. Түз тағысы Абай ауданындағы қожалықтарға шапқан

ДИПЛОМ ЦИФРЛАНАДЫ
Бір күнде «жоғары білім алып шыққан» айлакердің жолы кесіледі. Енді әр диплом тек арнайы модуль арқылы жасалып, бірегей нөмір мен QR‑кодпен бекітіледі.

ЖЕРЕБЕ РӘСІМІ
Футбол жанкүйерлері үшін бүгін басты оқиға. Вашингтонда жаһандық футбол тарихында алғаш рет 48 команда қатысатын турнирдің 12 тобы бекітіледі.