Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 11 жасар бала көз жұмды

Астанада бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 11 жасар бала көз жұмды. Тағы алты адам зардап шекті. Біреуі – ересек, қалғаны – бала. Бәрі көміртегі тотығынан уланып қалған. Қазір олар жансақтау бөлімінде. Жағдайлары ауыр. 2014 жылы туған бір бала аса ауыр жағдайда жеткізіліп, жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан көз жұмған. Айта кетейік, өрт үйдің бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде шыққан. Қою түтін бесінші қабатқа дейін тарап, тұрғындарға қауіп төндірген. Құтқарушылар 40 адамды, оның ішінде, жеті баланы эвакуациялады.
АҚБАЯН АРАПШАЕВА, ҚДС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Барлығы бірден анестезиология реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емделуге жатқызылды. Өте ауыр жағдайда түскен балалардың бірі көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан, өкінішке қарай, көз жұмды. Бүгінгі күні үш балада оң динамика байқалып, олар бейінді бөлімшелерге ауыстырылды. Бір бала әлі де ауыр жағдайда, ересек пациенттің жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.
———————————————