Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторы қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапты

Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан патрульдік полиция инспекторы Асанәлі Әскербековтің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Қолайсыз ауа райына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген 27 жастағы инспекторды «Астана – Ерейментау» автожолында жеңіл көлік қағып кеткен. Ішкі істер органдарында 5 жылдан бері қызмет етіп келген марқұмның артында әйелі, екі баласы қалды. Кішісіне әлі 40 күн толмаған екен.
ҒАЛЫМЖАН САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әріптестерінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында орын алды. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмағаны және жүргізушілерге қауіп туралы жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен патрульдік полиция инспекторына соқтығысуына жол бергені алдын ала анықталды. Осы факті бойынша мұқият және объективті тергеу жүргізілетініне сендіреміз.
———————————————