Елек өзенінен денесі табылған жасөспірімнің өлімі: туыстары суицид нұсқасын жоққа шығарады

Ақтөбеде Елек өзенінен денесі табылған 16 жастағы жасөспірім туралы тағы бір дерек шықты. Марқұмның әпкесі бейнебақылау жазбасын қарап, інісінің моншадан шығып, артынан ілескен көлікке отырғанын айтқан. Жақындары баланың өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді. Желтоқсанның басында жасөспірімнің денесі Елек өзенінен табылған. Көп ұзамай сол жерден 27 жастағы ер адамның да денесі шығарылды. Тергеушілер екі адамның бір-бірін танитынын, денесінде жарақат болмағанын хабарлады. Полиция бейнежазбадағы көлік екенін растады. Ал рөлдегі жүргізушінің өзеннен денесі табылған 27 жастағы ер адам екені белгілі болды.
———————————————