1 миллиард 886 миллион теңге. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары жыл басталғалы осыншама қаражатты алаяқтардың қолына салып берген. Өңірде интернет алаяқтықтың алдын алу, сақтану тұрақты жүргізіледі. Алайда арбауға түскендер саны азаймай тұр. Өткен 11 айда облыс аумағында алаяқтардың алдауына ілігуге қатысты 532 факт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға көп. Шығынның тек 377 миллион теңгесін ғана жәбірленушілерге қайтару туралы шешім шығарылған. «Оларға инвестициялық қорға қаржы құйып, мол табысқа қол жеткізесің деген хабарлама жіберген», — дейді полицейлер.
АРТУР МҰСАҒАЛИЕВ, КҚҚІҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Сонымен қатар тіркелмеген инвестициялық қаржылық фондқа ақша салып, жиі алдануда. Нақты мысал ретінде айтатын болсақ, Қазатомпром қорына ақша саламыз деп үлкен көлемде жәбірленушілерге шығын келтірілуде. Атап айтсақ, 10 миллионнан 30 миллионға дейінгі көлемде үлкен шығын келтірген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.