Жамбыл облысы Сарыкемер ауылының тұрғындары жаңа көпқабатты үйлердің сапасына шағымданды. 1 млрд 600 млн теңгеге салынған 120 пәтерлік екі үйге жұрт биыл ақпанда көшіп келген. Алайда көп ұзамай, үйдің қабырғасы жарылып, сылағы түсе бастаған. Жылу жүйесі де дұрыс жұмыс істемейді. Пәтерлердің іші салқын. «Бұл екі үй қыс мезгілінде салынған, құрылыс сапасына сол әсер еткен болуы мүмкін», — деп топшылайды мұндағы жұрт. Ол аздай көпқабатты үйлерге орталық кәріз жүйесі тартылмаған. Ал септиктер толып қалып, одан жағымсыз иіс шығады. Халық шулаған соң: «Мердігер компания кепілдік бойынша екі үйді жөндеп береді», — деді аудандық әкімдік өкілі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.