Шығыс Қазақстан облысында қылқан жапырақты орманды қорғау күшейтілді. Өңірдегі 14 орманшылықта жедел әрекет ету тобы құрылған. Қорықшылар қарда жүретін шаңғылы техникамен бақылаудағы аумақтарды патрульдеп жүр. Тас жолға бекет қойылып, турист көліктері тексеріліп жатыр. Осындай шараның нәтижесінде шығыста шыршаларды заңсыз кесу тоқтаған. Сондай-ақ айыппұл мөлшері де артты. Кесілген бір шырша үшін шамамен 60 мың теңге. Тарханка ауылы маңындағы 35 мың гектар орман алқабын 24 адамнан тұратын топ қорғайды. Қараша мен желтоқсан айында тауға табиғат қорғау полициясының тікұшақтары да бақылау жүргізеді. Қауіпсіздік шаралары Катонқарағай ұлттық паркінде де күшейтілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.