Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективасы талқыланды. Сонымен қатар еліміздің 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы да ақпарат берілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.