Ақмола облысындағы Дөңгілағаш ауылында төтенше жағдай. 3 күннің ішінде жекенің меншігіндегі 33 бас ірі қара қырылып қалды. Ауырып тұрғаны қаншама?! «Малым – жанымның садағасы» дейтін ауыл жұртынан тыныштық кетті. «Қорада қалған бірен-саран ірі қараның өзі жем жемей, су ішпей сілейіп тұр», — дейді тұрғындар. Әзірге қандай індет келгені белгісіз. Мал дәрігерлері сынама алып, сараптамаға жіберген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.