Бүгін Астанада қар жауып, қала көшелеріндегі қозғалыс айтарлықтай қиындады. Тәулік ішінде 93 жол апаты болған. Полицейлер жүргізушілерге қыс мезгілінде көлігінің техникалық жағдайын қатаң бақылап, қауіпсіздікті сақтауды ескертеді. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің көптеген өңірінде қалың қар жауып, жел күшейіп, боран болуы мүмкін. Мамандар биылғы қыс әдеттегіден жылы өтеді деп болжап отыр. Толассыз жауған қарға байланысты коммуналдық қызмет те күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Елорда көшелерін қардан тазартуға үш мыңға жуық жұмысшы мен мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.