Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 11 жасар бала көз жұмды | 08.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ӨРТТЕН УЛАНДЫ
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрттен 11 жасар бала қаза тапты. Тағы алты адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр.

ИНСПЕКТОР ҚАЗА ТАПТЫ
Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторы қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапты. Оны тасжолда көлік қағып кетті.

АЛАЯҚҚА ЖЕМ БОЛДЫ
Батысқазақстандықтар алаяққа жем болды. Жыл басынан бері тез байығысы келген азаматтар 2 млрд теңгесін тіркелмеген инвестициялық қорға салып, сан соғып қалған.

ТАШКЕНТКАДАҒЫ ТЫҒЫРЫҚ
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ташкентка ауылында 70-тен астам үй жарықсыз, байланыссыз отыр. Елді мекенге қоғамдық көлік те қатынамайды. Ауыл жұртының жағдайы қашан түзеледі?

НАҒЫЗ ҚҰМАЙ САЙЫСЫ
Алматы облысында құмай тазының аңшылық қабілеті сыналды. Елдің әр түкпірінен алдырылған жеті қазына жануары қоян алып, түлкі қуды.