Ақтөбеде алты жасар қызды көлік қағып кетті

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан алты жасар қызды көлік қағып кетті. Соның салдарынан бала түрлі дене жарақатын алды. Дәрігерлер бүлдіршінге амбулаториялық ем тағайындады. Ал аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
———————————————