Түркістан облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде 115 млн теңге көлеміндегі қаржы жымқырылған. Қазығұрт аудандық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері медициналық газға арналған жабдықтарды бірнеше компания арқылы сатып алғандай көрсетіп, құжаттарды бөліп жасаған. Құрылғыны басқа фирма жеткізсе де, келісімшарттар таныстарының компаниялары арқылы рәсімделген. Ақша сол фирмаларға түсіп, кейін қолма-қол алынып, бөлінген. Тергеу нәтижесінде, бас дәрігердің пәтер сатып алынғаны анықталып, оған тыйым салынды.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған, сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды, ал оның сыбайласы үй қамақта отыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.