Қарағанды облысында 70-тегі кейуананы зорлап өлтірген қылмыскер ұсталды. Оқиға осыдан тура 20 жыл бұрын болған. Дүкенге азық-түлік алуға шыққан 70 жастағы қария қараусыз қалған атқораның жанынан өтіп бара жатқанда, белгісіз біреу тап берген. Қаскөй дәрменсіз әжейді аяусыз зорлап, артынша өлтіріп кеткен. Оқиға орнынан қылмыскердің биологиялық ізі табылғанымен, кінәліні бірден ұстау мүмкін болмады. Заманауи технологиялардың нәтижесінде биыл қолға түсті.
СЕРГЕЙ СТИХЕЕВ, ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ:
— Қылмыскер оқиға орнында аздаған биологиялық ізін қалдырған. Ол кезде біздің техникалық жабдықтарымыз оларды нақтылап, күдіктімен сәйкестендіруге мүмкіндік бермеді. Биыл құрылғыларымыз модернизациядан өтіп, бұрын жасалған қылмыстар бойынша барлық криминалистикалық есепті, соның ішінде ДНҚ базасын да қайта қарадық. Соның нәтижесінде қазір 55 жастағы азамат анықталды. Ол қазіргі таңда жазасын өтеп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.