Ұлттық банк инфляцияны 5% межеде ұстап тұру үшін қажет шараны қабылдап жатыр

Ұлттық банк инфляцияны орташа 5% межеде ұстап тұру үшін қажет шараны қабылдап жатыр. Бүгін Президенттің қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы осылай деді. Тимур Сүлейменовтың айтуынша, жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 млрд долларға өскен, ал инвестициялық табыс 8,2 млрд долларға жеткен. Алтын-валюта резерві де артып, 62,1 млрд доллар болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтері 25 триллион теңгеге жеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшысына инфляцияны төмендетіп, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.
———————————————