Рекорд және жаңа мақсат. Бұл туралы тілшілермен кездесуде FREEDOM HOLDING CORP бас атқарушы директоры Тимур Турлов айтты. Биылғы жыл холдинг үшін белсенді өсу, сандық сервис кеңістігін кеңейту, қызмет түрін пайдаланушы клиенттің өсуімен есте қалады. «Қазақстандық технология алғаш рет халықаралық алаңда таныстырылды», — дейді кәсіпкер. Инвестициялық өнім және тың бастама арқылы, капитал нарығында қаржылық шешімдерді нақты жүзеге асырған компания өзінің орнын айқындады. FREEDOM осы жылы сақтандыру мен брокерлік қызметтен бөлек, экожүйеге басымдық берген.
ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Біз соңғы жылдары нарыққа ерекше тың серпін бердік. Бұл сапалы жұмыстың нәтижесі деуге болады. Әсіресе экожүйе бойынша үлкен табысқа қол жеткіздік. Біз өз ісіміздің аса қажет және дұрыс бағытта екенін білеміз. Ең маңызды көрсеткіштің бірі – жыл бойы негізгі дүкенде біздің суперапптың жұмысын қадағалауға алғанымызды зор мақтанышпен айта аламын. Біз бұл салада жаңа қызмет іске қосамыз. Фридом медиада қосымша қызмет түрі пайда болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.