Араға 10 жыл салып, чемпиондар лигасының гимні елордада қайта шырқалады. Бүгін алматылық «Қайрат» Астана Арена стадионында грекиялық «Олимпиакосты» қабылдайды. Қос команда да жасанды алаңға бой үйретіп, ойын алдындағы жаттығу жиындарын өткізді. Дәл қазір қос клубтың арасын 2 ұпай ғана бөліп тұр. 5 турдың қорытындысы бойынша Қайрат 1 ұпаймен 35-орында. Олимпиакос 2 ұпаймен 33-сатыға жайғасқан. Әзірге Арсенал, ПСЖ, Бавария сынды алпауыт клубтар көш бастап тұр. Отандық сарапшылар қарсыластың қапысын табу оңайға соқпайтыны айтады. Бірақ жасанды алаң алматылық ұжымға аз да болсын көмегін тигізер ме деп топшылайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.