Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БЕСТЕРЕК ТРАГЕДИЯСЫ
Бестерек трагедиясы бойынша сот басталды. Екі баласынан айырылған ана науқас адамға жүргізуші куәлігін бергендерді жазалауды сұрайды.
ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕГІ
Түркістан облысының бас дәрігеріне ауыр айып тағылды. Ол медициналық жабдыққа бөлінген 115 млн теңгені жымқырды деген күдік бар. Мемлекет қаражатына баспана сатып алған.
БАСПАНА ДАУЫ
СҚО-да тасқыннан зардап шеккен отбасылар әлі баспана ала алмай жүр. Зардап шеккендер тәуелсіз сараптама жасатып, сотқа жүгінген. Өйткені билік берген үйдің сапасы нашар.
ОЙЫН БАСТАЛАДЫ
Бірер сағаттан кейін елордада аяқдоп додасы басталады. «Қайрат» Астана Аренада грек «Олимпиакосымен» жолығады.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.