Кентау қаласында қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды. Қазір полиция анасының жеке басын анықтап жатыр. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Сол маңдағы бейнебақылау камералары мұқият зерделенуде. Жаңа босанған әйелдердің тізімі де тексерілуде.
САПАРҒАЛИ ТҰРМАНОВ, ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде. Барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажет тергеу әрекеттері жалғасуда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.