Әлеуметтік желіде жаяу жүргінші өткелімен жолды кесіп өтпек болған қыз баланы автобус қағып кеткені туралы бейнематериал тарады. Оқиға Алматы қаласында болған. Көлік тізгіндеп келе жатып, телефонға телмірген қоғамдық көлік жүргізуші жолдағы адамды байқамай қалған. Зардап шеккен қыз ауруханада. Ал жүргізуші қамауға алынды. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.