ШҚО лері мен құтқарушылары газ құю стансаларын тексеріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мен құтқарушылары автокөлікке газ құю стансаларын тексеріп жатыр. Сонымен қатар жабық тұрақтарда газбен жүретін көліктің бар-жоғы да назарға алынған. Өйткені күн суытысымен жүргізушілер техникаларын қоятын жылы жер іздеуге көшкен. Жалпы биыл көлікке газ жабдығын заңсыз орнатудың бір мыңға жуық дерегі тіркелген. Соның кесірінен өңірде 100-ден астам автокөлік өртеніп кеткен.
———————————————