Жұмыссыздарға жаңа мүмкіндік: кәсіби дағдыны онлайн тегін растауға болады

Жұмыссыздарға жақсы жаңалық. Енді олар кәсіби дағдысын онлайн тегін растай алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Career Enbek платформасында біліктілікті тануға арналған бір реттік ваучер бар. Оны алу үшін жұмыссыздар сайтқа кіріп, жеке кабинет арқылы өтінім береді. Білім туралы және еңбек өтілін растайтын құжаттарды қоса жүктеп, тізімнен мамандығын таңдауы қажет. Содан кейін орталық тексеріс жүргізеді. Ваучер берілгені немесе бас тартылғаны туралы хабарлама жеке кабинетке келеді.
———————————————