Алматы облысында Alatau Investment Forum – 2025 іс-шарасы өтті. Оған көрші мемлекеттерден 300-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысты. Жиын барысында жалпы құны — 770 млрд теңге болатын 16 меморандумға қол қойылды. Форумда өңірдің индустриялық алаңдары мен логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды. Қазір облыста жалпы құны 6 трлн теңгенің 216 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр. Соның арқасында 80 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Шекара маңындағы сауда және туризм инфрақұрылымына тың серпін беру мақсатында Қырғызстанның Ыстықкөл облысымен жол картасы әзірленіп, бекітілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.