Батыс Қазақстан облысында ақбөкен санын реттеу шарасы аяқталды. 18 аңшы бригадасы 108 мың 500 бас киік аулаған. Етін 14 кәсіпорын ас етті. Облысқа, көршілес өңірге жіберді. Алайда осы кезге дейін ауланған киіктің еті ғана іске асырылды. Енді мүйізі, терісі, тұяғы да толық кәдеге жаратылып, дәрі-дәрмек, тағам, мал азығын дайындау жоспарда тұр. Сол үшін келер жылы Қазталов ауданында құны 4 миллиард теңге болатын өңдеу зауытының құрылысы басталады. Оған Қытайлық инвестор қызығушылық танытқан.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.