Австралия әлемде алғаш болып 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салды. Тиісті заң бүгін күшіне енді. Енді балалар TikTok, YouTube, Instagram және Facebook желілеріне кіре алмайды. Ел үкіметі жалпы алғанда 10 ірі онлайн платформаға 16 жасқа толмаған пайдаланушыларды бұғаттауға бұйрық берді. Бұған құлақ аспаған компанияларға 33 млн доллар айыппұл салынады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.