Алматыда телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті | 10.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

СМАРТФОННЫҢ КЕСІРІ
Алматыда телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

ҚОҚЫСТАН ТАБЫЛДЫ
Кентау қаласында полиция қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің анасын іздеп жатыр. Шақалақ суықтан шетінеп кеткен.

КЕДЕНДЕГІ КІДІРІС
Қазақ-өзбек шекарасындағы «Қазығұрт» кеден бекетінде жиырмаға жуық жүк көлігі қаңтарылып тұр. Он күннен бері елге кіре алмай тұрған жүргізушілер: «Жол азығымыз таусылды», — дейді.

КІМ ЖАУАПТЫ?
Бұдан былай мектеп пен балабақша басшылары өз ұйымындағы санитарлық жағдай мен балаларға берілетін тамақ сапасын қадағаламайды. Бұл жауапкершілік кімге жүктелмек?

ЖЕЛІГЕ ТЫЙЫМ
Австралия алғаш болып әлеуметтік желіге шектеу енгізді. Енді 16-ға толмағандар TikTok, Instagram және Facebook қолдана алмайды. Мәжіліс депутаттары да дәл осындай ұсыныс айтып отыр.