Қарағанды облысындағы төрт теміржолшының өліміне қатысты арнайы комиссия құрылды. Жүйткіген пойыз рельсті ауыстырып жатқан жұмысшыларды тапап өткен. Сарышаған станциясы маңында болған оқиғаға ұлттық тасымалдаушы компания басшылығы мен жауапты мамандар шұғыл жетті. Рельсті ауыстыру жоспар бойынша жүргізілді ме? Машинист неге кеш байқады?
МӘЛІК ҚАЙБАР, ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет бойынша Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдай Қарағанды облысының Шет ауданындағы Қаражыңғыл станциясында орын алған. Қазіргі уақытта осы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.