Риддерде Даңқ ескерткішіндегі Мәңгілік алауда тауық етін қуырып, мемориал маңында қоқыс қалдырып кеткен ер адам ұсталды. 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол өз әрекетін ұялы телефонға түсіріп, оқиға орнынан тайып тұрған. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы ауданның бәрін тінтіп, бейнебақылау камерасын тексергеннен кейін бұзақыны анықтады. Оған «Қоғамдық орынды ластап, мүлікті қорлау» бабымен айып тағылды.
ҚАРЛЫҒАШ ЖҮСІПОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтардың назарын заңды қатаң сақтау қажеттігіне аударады. Тарихи ескерткіштермен ерекше қоғамдық маңызы бар объектілерді қорлау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.