Таразда онкологиялық науқастың мүгедектік санатын алуына кедергі жасалды. Қалалық прокуратура тексеріс жүргізіп, осындай қорытынды жасады. Онкология және хирургия орталығында есепте тұрған 49 адамның соңғы бес жыл бойы тиісті төлемін алмаған. Тіпті онкологиялық науқас уақытылы медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмеген. Тексерістен кейін 49 адамға I-ден III топ мүгедектігі тағайындалып, кейіннен мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік берілді.
САЛАМАТ ӘБИТБЕКОВА, ПРОКУРОР:
— Қала прокуратурасының акті нәтижесінде, ІІІ, IV топтағы қатерлі ісікпен ауыратын 49 қала тұрғыны мүгедектігін рәсімдеп, қазіргі таңда әлеуметтік жәрдем алу мүмкіндіктеріне қол жеткізді. Аталған заңбұзушылықтар үшін жауапты тұлғалар, яғни дәрігерлік-консультативтік комиссияның бес төрағасы әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.