ҰБТ сынағы бұдан былай болмайды. Осыны естіген жұрт қазір желіде жаппай шулап жатыр. Жоғары білім мен ғылым министрлігі шұғыл мәлімдеме жасап, дақпырт екенін жеткізді. Ұлттық бірыңғай тестілеу бүгінде отандық университеттерге түсуге, білім гранттарын бөлу мақсатында қолданылатын емтихан рөлін атқарады. Алайда алдағы жылдары бұл жүйе түбегейлі өзгермек. Яғни форматы халықаралық стандартқа сәйкестендіріледі. Ол үшін жетекші халықаралық ұйыммен ынтымақтастық орнатылды. Жаңа сынақ 2027 жылдан бастап енгізіледі. Пилоттық түрде Қазақстандағы шетелдік университеттердің филиалдарына түсу кезінде енгізу жоспарланып отыр. Осы жерде бір айта кетерлігі, қазіргі ҰБТ форматы 2026 жылы өзгермейді.
ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Айта кету керек, 2026 жылы қазіргі ҰБТ форматы өзгермейді. Жаңа тест форматын кезең-кезеңімен енгізу 2027 жылдан бастап жоспарланып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.