Актөбе облысында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды

Актөбе облысында мемлекетке қайтарылған актив ең қажет мақсатқа бағытталып жатыр. Мәселен, Сарысай және Шоқысу елді мекенінің тұрғындары көп жылдан бері медициналық пунктке қол жеткізе алмай келген. Су жаңа нысандарды салуға 260 миллион теңге жұмсалды. Қаражаттың басым бөлігі мемлекетке қайтарылған активтер есебінен. Енді ауыл тұрғындары ем іздеп қалаға, аудан орталығына сабылмайды. Бұған ауылдағы ағайын разы.
———————————————