Шығыс Қазақстан облысының ең шалғай орналасқан 27 ауылы алғаш рет онлайн режимге қосылады. Қазір Өскемен қаласында ақпараттық-талдау орталығы құрылып жатыр. Жыл соңына дейін таулы аймақтағы елді мекенге, сондай-ақ Зайсан, Күршім және Марқакөлге дейін интернет тартылады. Орталықта интернетке қосылған қала мен аудан онлайн-картада белгіленеді. Жер бедерінің күрделілігіне байланысты биікке орнатылатын сигнал антенна-мачталық құрылғы арқылы беріледі. Жұмыс 2027 жылға дейін жалғасады. Қазір өңірде әлеуметтік желіге қолы жетпей отырған 93 ауыл бар. Алдағы екі жыл ішінде олардың 66-сына интернет пен тұрақты телефон байланысы орнатылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.