Баланың тісін емдеуде севоран қолдану қауіпсіз бе? | 11.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ПОЙЫЗ АСТЫНДА ҚАЛДЫ
Қарағанды облысындағы төрт теміржолшының өліміне байланысты арнайы комиссия құрылды. Жүйткіген пойыз рельсті ауыстырып жатқан жұмысшыларды қағып кеткен.

СЕВОРАННЫҢ САЛДАРЫ
Баланың тісін емдегенде қандай жайттарға мән беру керек? Ата-аналар анестезияның қауіпсіздігіне алаңдаулы. Тіс емдеу кезінде Севоран қолданылған бірнеше бала көз жұмған еді.

ТРАНЗИТТІК КӨЛІК КӨП
Батыс Қазақстан облысында шетелдік нөмірлі, тіркеусіз жүрген көлік көп. Жыл басынан бері транзиттік көліктердің кесірінен болған жол апаттарынан 14 адам қаза тапты.

ҰБТ БОЛАДЫ
Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу енді болмайды деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл туралы мәлімдеме жасады.

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШОУ
«Жетінші арна» жаңа жыл мерекесіне арналған арнайы жобасын ұсынады. Көрермен үшін тосын сый көп. Қандай шоу жарияланатыны айтылды.